Трамп Клитонды "жемқор" деп айыптады

/uploads/thumbnail/20170709041734320_small.png

Трамп Клитонды "жемқор" деп айыптады, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы «iRector» ақпарат таратқан.

АҚШ-та республикалық партия атынан сайлауға түскелі отырған Д.Трамп Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде Х. Клинтонды «әлемдік деңгейдегі өтірікші» деп айыптап, оның жемқорлыққа қатысы туралы айтқан. Трамптың ойынша, Х.Клинтон мемлекетік хатшы болып тұрған кезінде ірі корпорацияларға қолдау көрсеткен және бүгінде сол корпорациялар сайлау алды науқанда оны қаржыландырып жатыр. Х.Клинтон мемлекеттік департаментте қызмет істеген кезінде жеке басының баюын күйттеген. Трамптың пікірінше, Х.Клинтон бюджет қаражатынан миллиондаған долларды қалауынша жұмсап, ірі көлемде пара алған. «Ол мемлекеттік департаментті жеке қоры сияқты басқарды» деген Трамп, «Хиллари Клинтон бұрын-соңды АҚШ президенттігінен үміткер болғандардың арасындағы ең жемқор жан» деген баға берген. 

Қатысты Мақалалар