Ресей «Одноклассники» желісі арқылы Қазақстандағы сепаратистерді қаржыландырып жүрмей ме?

/uploads/thumbnail/20170709042902701_small.png

«Енді «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы Ресейден Қазақстанға ақша аударуға болады» деген ақпарат тарауда. Бұл бізге қаншалықты қажет еді?

Әлеуметтік желіге енген бұл жаңалық біздің елімізден басқа Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Германия, Грузия, Италия, Израиль, Балтық жағалауы елдері, Франция, Өзбекстан, Румыния, Молдоваға да қатысты. Аударылған ақшаны кейін MasterCard и Maestro карталары арқылы шешіп алуға болады екен.

Жалпы, ақша аудару жүйесі бірқатар әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Ол – анау айтқандай жаңалық та емес. Тек, елімізде ресейлік үлесі бар немесе сол елмен қаржылық операциялардың түрлі бағдарламаларын жүзеге асыратын банктер бола тұра, мұндай жүйенің қолданысқа енуі күмән туғызады.

Оның үстіне елімізде ресейшіл сепаратистік пиғылдағы топтар мен жекелеген тұлғалардың бар екені ешкімге жасырын емес. Олардың бірқатары сот үкімімен қылмыстық жауапкершілікке де тартылуда. Әлеуметтік желінің бұл әлеуеті сондай күштерді астыртын қаржыландырудың бір құралына айналып кетпей ме?

Қатысты Мақалалар