ШҚО Зырян ауданында сүт фермасы іске қосылады

/uploads/thumbnail/20170709054201018_small.jpg

Жыл соңынан бастап Зырян ауданы өзін-өзі толықтай сүтпен қамтамасыз етпек. Биылғы жылы 400 басқа арналған сүт фермасын іске қосуды жоспарлаған «Бородино» шаруа қожалығы келер жылы тағы 200 басқа арналға ферма ашпақшы, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазірдің өзінде қожалықта 320 бас саумал сиыр бар. Күніне 4 тонна сүтті өндіріске тапсырып отырған қожалық сүт фермасын іске қосқаннан кейін өнім көлемін 10 тоннаға дейін ұлғайтпақ.

– Жаңа сүт фермасына Ресейден әкелінген заманауи құралдар орнатылуда. Күн сайын сүтті біқ өзімізідің ауданда орналасқан «Восток-Молоко» ЖШС филиалына тапсырып отырамыз. Егер алдағы уақытта шаруашылық толық қуатына енген жағдайда, біз ауданды да өзіміздің сүт өнімдерімізбен қамтамасыз ете аламыз, – деді «Бородино» ШҚ басшысы Қайрат Бөкежанов.

Қожалықта бүгінде 80 адам жұмыс істеуде. Ферма іске қосылғаннан кейін жұмыссышылардың санын 150-ге дейін жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жаңа фермаға ветеринар дәрігерлер мен жас мамандар қажет. Ал жергілікті әкімдік келуші маманарды баспанамен қамтамасыз ететіндіктерін жеткізді.

Қатысты Мақалалар