Риода Г. Манюрова күміс, Е. Ларионова қола медаль алды

/uploads/thumbnail/20170709054455239_small.jpg

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада әйелдер күресінен 75 келі салмақтағы балуанымыз Гюзель Манюрова күміс, 63 келіге дейінгі салмақтағы Екатерина Ларионова қола медаль жүлделеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалда канадық балуан Эрик Уибеден ұтылып, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Гюзель осыған дейін, жартылай финалда Ресейдің 2010- 2011 жылдардағы бірнеше мәрте чемпионы Екатерина Буркинаға қарсы күресте нағыз спорттық сенсация жасаған еді.

Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтаған. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды.

Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы белдесуінде ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Екатерина болса жұбаныш белдесуінің  алғашқы белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші белдесуінде АҚШ балуанын таза ұтып, Рио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. Осылайша Қазақстан қоржынына жетінші қола медальды салып берді.

Қатысты Мақалалар