БҰҰ Бас хатшысы Йемендегі жағдайдың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдірді

/uploads/thumbnail/20170709054520927_small.jpg

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Йеменнің Сауд Аравиямен шекарасындағы жағдайдың ушығуына алаңдаушлыық білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Соңғы кезде бұл өңірде әуе шабуылы  мен жер үстіндегі қақтығыстар күшейген. БҰҰ-ның Бас хатшысы тараптарды қақтығысты тоқтатып, келісімге келуге шақырды.

Аймақтағы жағдай 6 тамызда Кувейтте келіссөздер тоқтағаннан кейін ушығып кеткен. "Азаматтық тұлғалар, соның ішінде балалар үздіксіз қақтығыстардан, азаматтық инфрақұрылымдарды — мектеп, ауруханаларды бомбалаудан зардап шегуде" деді Пан Ги Мун. Соңғы кезде Йеменнен жауған оқтан Сауд Аравиясындағы шеберхананың талқаны шығып, жеті адам қаза тапқан. Йеменнің астанасының шығыс жағына да бомба түсіп, тоғыз адам мерт болған. Пан Ги Мун тараптарға азаматтық тұлғаларды қорғау қажет екендігін және халықаралық құқықтармен бекітілген міндеттемелерді құрметтеу керектігін ескертті.

Қатысты Мақалалар