Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесі қиындап барады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Елдің солтүстігінде «Талибан» лаңкестік қозғалысы Ханабад ауданын басып алды.
«Бұл өңір Тәжікстан шекарасынан 60 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан оның стратегиялық маңызы зор», - дейді сарапшылар. Былтыр тәліптер Құндыз провинциясында осы аттас қаланы жаулап алып, кейін Үкімет әскері қайтадан азат еткен болатын. Жалпы ауған қарулы күштері елдегі 34 провинцияның 15-ін өз бақылауында ұстап отыр. «Талибан» оңтүстіктегі Гильменд аймағының 90%-ын басып алған. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында тәліптер мен «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өзара алауыздықты доғарып бір-бірімен соғыспау жөнінде бейбіт бітім жасасқан болатын.