Оңтүстікте өндірістік жылыжайларды дамыту мақсатында «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қалада жылыжай кешендерін бір аймақта орнату бойынша «Жылыжай жұмағы» индустриялдық аймақ» инвестициялық жобасын қолға алған болатын.
Жоба аясында Шымкенттегі көлік-логистикалық аймақтың жанынан 136 гектар жер телімін беру және сол жер телімінде инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу қарастырылып, арзан тарифті энергия көздері де басты назарға алынды.
Бұл өз кезегінде кәсібін жүргізетін шаруалардың капиталдық және операциялық шығындарының азаюына сеп болады. Сонымен қатар, агро-индустриялдық аймақта жоғары технологиямен жылыжай құрылысын жүргізетін кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалатындығы айтылды.