Оңтүстікте жылыжай шаруашылығына қосалқы болатын өнімді cұрыптау, буып-түю, cақтау, қайта өңдеу нысандары мен әкімшілік-тұрмыстық кешен, өнімнің қауіпсіздік және cапа талаптарына сәйкестендіретін зертханалар болмақ.
Өнеркәсіптік жылыжайлардың бір аймақта шоғырлануы тауар партиясының үлкеюіне, яғни, ұйымдасқан нарыққа тиімді шартта жеткізуге жағдай туғызуы маңызды.
Және фьючерлік келісім-шарттар жасасуға, күніне 240-320 тонналық немесе құндық есеппен жылына 14 млрд теңгелік мол тауармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.