Оңтүстіктегі аумағы 11 гектарды құрайтын «Аделя» шаруа қожалығының жылыжайы соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған.
Ерекшелігі сол, көкөністің өсіп-жетілуінде ешбір химикат қолданылмайды. Жылына 3 рет өнім алуға болатын нысанда 200-ге тарта жұмысшы еңбек етеді.
Тамшылатып суғару, жылыту секілді жұмыстың бәрі компьютермен басқарылады. Мұнда жылына 8500 тоннадан астам өнім алуға мүмкіндік бар.
Әзірге жылыжайда көкөністердің голландиялық сұрпы егілуде.