Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы қарқынды өсу үстінде. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар оған дәлел. Ірі қара, жылқы, уақ мал тұқымын асылдандыру ісі жақсы жолға қойылған.
Мәселен, сиырды асылдандыру жоспары 74 мың болса, соның биыл 18 пайызы қамтамасыз етілді, уақ мал бойынша 200 пайыз жүзеге асты.
С.Әбжаловтың «Сералы», Т.Жанысбаевтың «Сабыр», О.Аташовтың «Ортай», Б.Жұмабаевтың «Бекзатбақ» шаруашылықтары жылқы өсіруге ден қойған.
«Ордабасы құстың» даңқы бүгінде республика көлемінен асып кеткен. Онда 8100 тонна құс еті өндірілсе, 2020 жылға қарай 20 мың тоннаға жеткізу межеленген. Отбасылық мал бордақылау алаңдарын, сүт фермаларын өркендету де кеңінен қанат жайып келеді. 237 тұрғын 550 млн теңге жеңілдетілген несие алып, жұмыс істеуде. Бұл шаруа қожалықтарының еңбегі еленіп, кәсібі өрге домалап жатқандығын көрсетеді.