Көрші мемлекеттер оңтүстіктің көкөнісін сатып алуға құмар

/uploads/thumbnail/20170709055300771_small.jpg

Бүгінде көрші мемлекеттердің өзі оңтүстіктің көкөнісін сатып алуға құмар. Тіпті, Ресейдің Хабаровск, Новосібір, Барнауыл, Красноярск және Татарстан өңірлері күнгейдің көкөнісі мен жеміс-жидек өнімдеріне тапсырыс беруді ұлғайтқан.

Осыған орай, көрші елдегі сауда желісін құрған кәсіпкерлер жергілікті шаруашылық жетекшілерімен кездесіп, бірге жұмыс істеудің жолдарын да қарастырған болатын. Басқосуға ұйытқы болған Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы жергілікті кәсіп иелерінің мүддесі тұрғысынан бар амалды қолға алғанын айту керек.

Бүгінде күнгейде 2500-дей шаруашылық нысандары жұмысын жүйеге қойып үлгерген. Оның ішінде көкөніс, бақша өнімдерін өндіретіндері де баршылық. Ал қазір, өнімнің піскен шағында көрші Ресейдің қалаларына жөнелтіліп жатқан көкөніс, бақша өнімдерінде есеп жоқ.

Әсіресе, қауын-қарбыздың дені сол жаққа қарай тасымалдануда. Бұған дейін Алматы мен талдықорғандық кәсіпкерлермен жұмыс істеп келген ресейліктер осы тәжірибе негізінде жыл он екі ай жергілікті тауарларды сауда желісі арқылы Ресей қалаларына өткізуге келіскен.

Қатысты Мақалалар