Жуырда ресейлiк «Командор» (Красноярск), «Мария Ра» (Барнаул), «Эссен» (Татарстан), «Самбери» (Хабаровск) сауда желiлерiнiң өкiлдерi өңiрге iссапармен келiп, арнайы келiсiмдерге қол жеткiздi.
ОҚО кәсiпкерлер палатасы жанындағы тамақ өнеркәсiбi комитетiнiң төрағасы А.Қаражановтың айтуынша, ресейлiк кәсiпкерлердi ең алдымен Оңтүстiктiң сапалы өнiмдерi қызықтырып отыр.
Оның үстiне экономикалық санкциялардың салдарынан Ресейдегi дүкен сөрелерiнде бiраз тауарлар азайып қалды. Ендi олардың орнын басуға қазақстандық өнiмдерге үлкен мүмкiндiк туып тұр. Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы жанындағы комитет төрағасының мәлiмдеуiнше, ресейлiк сауда желiлерiнiң сұранысын қанағаттандыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң әлеуетi толық жетедi.