Иракта лаңкестік ұйымның мүшелері дарға асылды

/uploads/thumbnail/20170709055308740_small.PNG

Иракта бүтіндей елді мекендерді қырып-жойған содырлар өлім жазасына кесілді. Қарулы қақтығыс кезінде қолға түскен 36 баскесерді жергілікті билік жұрттың көзінше дарға асты, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

ДАИШ ұйымының бұл жендеттері бейбіт тұрғындардан бөлек, жауынгерлердің де қанын суша ағызған. Олар жасаған жарылыстардан елдің солтүстігінде 1700 сарбаз өлген болатын. Көптен бері ұстатпай жүрген баскесерлер ақыры әскердің қолына түсіп, Ирак билігі оларды бірден өлім жазасына кесті. Сөйтіп, олар Насирия түрмесінде дарға асылды. Үкімді орындау барысын лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың туғандары да келіп көрді. 

Қатысты Мақалалар