Қазығұрттың бағбандары жемісті еңбек етуде

/uploads/thumbnail/20170709055409226_small.jpg

 

Қасиеттi Қазығұрт тауының етегiндегi бағбандар да бұл бағытта жемiстi еңбек етiп келедi. Қазығұрттықтар былтыр 1950 гектар жерге бау егiп, 28590 тонна өнiм жинаған. Биыл алма бауының көлемi 300 гектарға ұлғайып отыр. Сонымен көп жылдық екпелер 2250 гектарға жеттi. Қазығұрт ауданындағы «Амангелдi» ЖШС 530 гектар жерге бау, 120 гектар жерге жүзiм ектi. Серiктестiк 276,2 миллион теңгеге сыйымдылығы 2 мың тонналық жемiс-жидек және көкөнiс қоймасын iске қосты.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының бағбандарының көп жылдың еңбектері 2250 гектарға жеткенімен, бағбандар жұмыстың санына емес, сапасына көңіл бөлетіндерін айтты. Айтуларынша, дәріленген өнімдерден таза бағбандық өнім отанды өнімнің сапасын арттырып, ел экономикасына үлес қосудың бірден бір жолы дейді бағбандар.

Аудан көлемiндегi агроқұрылымдарды сапалы жемiс-жидек екпелерiнiң көпжылдық көшеттерiмен қамтамасыз ету мақсатында «Амангелдi» ЖШС «тұқымбақ» мәртебесiн алған едi. Биыл 1,4 миллион көшет өндiрiп, облыстағы барлық шаруашылықтарға сатқан.

Серiктестiк 2017 жылы 1,8 миллион түп көшет дайындауды жоспарлап отыр. Аталған тұқымбақта «Голден делишес», «Ренет семиренко», «Старкримсон» сортты алмалары, «Исполинская» сортты алқоры, «Чемпион», «Эльберта» сортты шабдалы, «Тайфи розовый», «Киш-миш черный» сортты жүзiм көшеттерi өсiрiледi. Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмiнiң бас маманы Марат Жолдасовтың айтуынша, былтыр серiктестiкке мемлекет тарапынан өсiрген көшеттер үшiн 45 миллион теңге субсидия төленген.

Қатысты Мақалалар