Оңтүстікте кәсіпкерлер 90 гектар жерді игеруде

/uploads/thumbnail/20170709055410804_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Алтынтөбе ауылдық округiнде iрiлендiру жұмыстарының нәтижесiнде 4 кәсiпкер бiрлесiп, «Қаржан алма» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативiн құрған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазiр олар 20 гектар жерге жемiс-жидек егiп отыр екен. Шарбұлақ ауыл округiндегi «Бiрлiк» өндiрiстiк кооперативi 70 гектар жерге жемiс-жидек жайқалтып отыр. Қазiр екi кооперативте 180 адам тұрақты жұмыспен қамтылған екен. Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмi Бейбiт Атамқұлов өңiрiмiздi дамытудың бағыттарын нақтылап, мiндеттеп отыр.

Облыс әкімінің қолдауы мен бақылауының арқасында біршама жұмыстар атқарылып та үлгерді. Сол себепті, алдағы уақытта алма Оңтүстік Қазақстан облысының брендiне айналады деген сенiм зор. Өйткенi, өңiрiмiзде алманың жүздеген сорты өседi. Оның iшiнде ерте пiсетiнi, қысқа сақтайтыны да көп.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері 90 гектар жерді игереміз деп, бүгінде жұмыстарының нәтижесі үшін алдын ала аянбай еңбек етіп бастады. 180 адамға тұрақты жұмыс берілсе, алдағы уақытта жұмысшылардың санын арттырып, жұмыстың сапасына да мән бермек. Айтуларынша, бұл үшін арнайы жылдық жұмыс доспары бекітіліп те үлгеріпті.

Тiптi, келесi алма пiскенге дейiн хош иiсi бұрқырап тұратындары қаншама. Алманың түрлі сорты өсетін бұл аймақта енді алма саудасы қыза түсек. Әрине, өнiмдердi экспорттаудан экономикамызға едәуiр көлемде табыс түсетіні белгілі. Дей тұрғанмен, шетелдердiң дәмсiз, нәрсiз жемiс-жидегiн, бау-бақша өнiмдерiн, көкөнiстерiн ығыстыра отырып, өз нарығымызда жергiлiктi өнiмдердi молайтуымыз керек. Сол үшін Оңтүстік өңірде алма өсіру сәнег айналып келеді.

 

Қатысты Мақалалар