Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмiнiң басшысы Ә.Сахиұлының айтуынша, 300 асыл тұқымды мүйiздi iрi қара мен 15 асыл тұқымды бұқа сатып алынбақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Кешен орналасатын аумақ пен мал өрiсiне тиiстi жер телiмi бөлiнген. Жоба бойынша асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млн., кешен құрылысына 268 млн., ауыл шаруашылығына қажеттi техникаларға 82 млн. теңге қарастырылған. Келешекте мұнда 50 шақты адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етiледi.
Шаруа одан бөлек 300 асыл тұқымды мүйiздi iрi қара мен 15 асыл тұқымды бұқа сатып алмақ.
Сол үшін де асыл тұқымды ірі қара мал санын арттыру мен оны күтіп баптаудың жай-жапсарын дайыедауды негізге ала отырып, өз жұмыстарын бастап та кеткен. Нәтижсінде жоба бойынша миллиндаған қаржылар бөлініп, асыл тұғымды ірі қара малдарды елге әкелу жоспарланып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында асыл тұқымды мал өсiру, бордақылау және мал өнiмдерiн өңдеуге бағытталған «Соз-Агро» корпоративтiк қоры құрылғанын хабарлаған болатынбыз.
«Соз-Агро» Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң ғалымдарымен бiрлесiп аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Жалпы, шетелдiк инвесторлар жоғарыдағы жоба аясында терiскейдiң агро саласына 400 млн. теңге инвестиция құйған еді.
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында асыл тұқымды мал сатып алуға 50 млн теңге бөлінді.
Пікір қалдыру