Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында асыл тұқымды мал өсiру, бордақылау және мал өнiмдерiн өңдеуге бағытталған «Соз-Агро» корпоративтiк қоры құрылды. Аталмыш корпоративтік қор бордақылау арқылы асыл тұқымды мал өсіруме айналыспақ. Сол үшін бқл қорға мемлекет тарапынан әлі талай көмек керек болары сөзсіз. Себебі қолдау барда нәтижелі жұмыс болатыны белгілі.
Бұған аймақ басшылығы және уран өндiретiн француздық «Арева» компаниясы мен бiрлескен қазақ-француз кәсiпорны – «Катко БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы келiссөздер нәтижесiнде қол жеткiзiлген екен. Екі ел арасындағы байланысты нығайтқан бұл келісім алдағы уақытта қайталанбас ас тұқымды мал өсіруде нүздік шығып, ауыл шаруашықыққа айтарлықтай үлес қосатыны белгілі. Сол себепті ауыл-аймақтағы малмен айналыстаны үлкен-кішілі шаруаларды мал өсіру мен мал өнімдерін өңдеуде өажетті қолдауды беруге әзір бұл ұйым.
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданында құрылған бұл агро қоры алдағы уақытта ауыл шаруашылығына айтарықтай жаңа идеялар мен табысты еңбек ете беруді мақсат етіп отыр екен. Айтуыларынша, бұл үшін арнайы бизнес жоспар да құрып ұлгерген. Тек нәтижелі еңбек ету ғана алдағы уақыттың еншісінде көрінеді.
Аталған бастаманың құрылтайшысы – «Арева НС Катко-Демеу» корпоративтiк қоры. Сонымен бiрге, «Соз-Агро» Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң ғалымдарымен бiрлесiп аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Жалпы, шетелдiк инвесторлар жоғарыдағы жоба аясында терiскейдiң агро саласына 400 млн. теңге инвестиция құйған екен.
Пікір қалдыру