Оңтүстікте бүгiнгi таңда 4 430 000 қой бар

/uploads/thumbnail/20170709055422476_small.jpg

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, Оңтүстікте бүгiнгi таңда 4 430 000 қой бар. Оның 440 мыңы – қазақтың қылшық жүндi қойы, 43 мыңы – қаракөл, 35 мыңы – биязы жүндi қой. Қазақы қой облыстың барлық аудандарында өсiрiледi. Ал, қаракөл қой тұқымы Түркiстан қаласы, Отырар, Созақ, Мақтаарал аудандарында өсiрiлсе, биязы жүндi қой Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби, Түлкiбас аудандарында көп.

Сонымен қатар, соңғы жылдары жергiлiктi ғалымдардың селекциялық жұмыстарының арқасында жаңадан «Ордабасы» қой тұқымы шығарылып, бүгiнгi таңда өңiрдiң барлық аудандарына таратылуда. Бүгiнде осынау асыл тұқымды қойдың саны 96 мыңға жеттi.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жиынға қатысушыларға ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды түсiндiрдi. Заңға сәйкес, «асыл тұқымды шаруашылықтың» орнына «асыл тұқымды мал шаруашылығы» сөзi қолданылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар