Бүгiнде республикада еттi-майлы, биязылау және биязы жүндi қой тұқымдарын асылдандыру бойынша палата құрылуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл жөнiнде «Қой тұқымдары бойынша құрылған республикалық палатаның жұмысын, мақсаты мен мiндетiн түсiндiру» тақырыбында өткен мәжiлiс барысында айтылды деп жазады Qamshy.kz тілшісі жиын барысынан.
Палата асыл тұқымды қойларды өнiмдiлiк бағыттары бойынша ақпараттық селекциялық асылдандыру базасына есепке алу және тiркеудi ұйымдастырып, селекциялық асылдандыру бағыттарын реттейдi екен. Сондай-ақ, жиынға қатысқан Qamshy.kz тілшісі қойлардың тұқымдық құндылығын анықтайды және тиiстi куәлiк беретінін де хабарлады.
«Қой тұқымдары бойынша құрылған республикалық палатаның жұмысын, мақсаты мен міндетін түсіндіру» атты мәжілісте айтылған әңгімелерді өмірде жүзеге асыру үшін алға қойған мақсаттарды міндеттеп алды. Ең әуелі шет елден келетін асыл тұқымды малдарды құжаттандыру мәселесі сөз болды. Бұл жөнінде кеңірек кеңес құрып, кеңінен талқыланды.
Шет елден әкелiнген асыл тұқымды қойларға берiлген куәлiктi растайды екен. Сонымен қатар асыл тұқымды қойларға бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс бередi. Ұсыныс құпталса, осы жылдан бастап, асыл тұқымды қойларды қолдан жасау процесі жүзеге асырылу жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталмыш бағдарлама мемлекет қолдау тапса, бордақылаған төлдерден асыл тұқымды алып, артынан Оңтүстік өңірде асыл тұқымды малдар санын көьейту негізге алынған. Шымкент қаласындағы «Тассай бiлiм тарату орталығында» өткен жиынға ғалымдар, аудандар мен қалалардың ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң мамандары мен қой өсiрушi жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Пікір қалдыру