«Рассвет» өндiрiстiк кооперативiнде ашытылған сүт өнiмдерiн шығару түрiктiк технология бойынша атқарылады. Аталған өндiрiстiк процеске жауапты Түркиядан арнайы шақырылған маман-технолог Мұстафа Шахбаз кәсiбiнiң нағыз шеберi дерсiз. Ол жергiлiктi мамандарға өзiнiң бiлгенiн үйретуден шаршаған емес. Айта кетерлiгi, мұнда iрiмшiк өндiру мемлекет тарапынан 900 мың теңгеге субсидияланған екен. Кәсiпкерлер үшiн бұл, әрине, үлкен көмек.
Жасыратыны жоқ, күз-қыс маусымында шығарылатын өнiмдердiң көлемi әжептеуiр кеми бастайды. Дегенмен, дайын өнiмдер тұрып қалмай, тез сатылады. Бiлiктi басшы Н.Әбдiқадыровтың өндiрiстi шебер ұйымдастыруының арқасында кооператив «2014 жылдың сала көшбасшысы» атанса, өзi былтыр «Жыл маманы» аталымын жеңiп алыпты.
Пікір қалдыру