Оңтүстікте «Рассвет» кооперативi бiр ауысымда 15 тоннаға жуық сүттi қайта өңдейдi

/uploads/thumbnail/20170709055417773_small.jpg

Манкент ауылдық округiндегi «Рассвет» өндiрiстiк кооперативi еңбек нарығына осыдан екi жыл бұрын қосылған-ды. Бұл кооператив негiзiнен сүт өнiмдерiн қайта өңдеуге маманданған. Кооператив басшысы Нусратулла Әбдiқадыровтың айтуынша, кооперативтiң мүшелерi алдымен Түркиядан келген мамандармен бiрiгiп сүттi қайта өңдеу цехын ашып, жұмыстарын бастаған екен. Дәлiрек айтқанда, түрiктер кооперативтiң бiр ғимаратын жалға алып, жұмысын дөңгелеткен. Әрине, заманауи жабдықтар орнатқаннан кейiн. Уақыт өте келе iрiмшiк өндiрудiң жүйесi бiр ырғақпен жұмыс iстей бастағанда мұндай өнiмдер тек Шымкент қаласының ғана емес, Алматы, Астана, Қарағанды шаһарларының тұтынушыларына да кеңiнен мәлiм болды. Бүгiнде «Рассветтiң» «Крал», «Сұлтан» атауымен шығатын iрiмшiктерiмен қатар сүзбесiн де жоғарыда аталған қалалардың тұрғындары зор қызығушылықпен сатып алады. Бұған қоса, кооператив жаз кезiнде айран мен йогурт секiлдi көпшiлiктiң сүйiктi тағамдарын сауда сөрелерiне көптеп шығарады.

Кооператив бiр ауысымда 15 тоннаға жуық сүттi қайта өңдейдi. Жұмыс қатаң бәсекелестiк жағдайында атқарылуда. Өйтпесе болмайды. Себебi, Ресейден, Қырғызстаннан ағылған мұндай өнiмдер жергiлiктi нарықты «жаулап» алған. Сондықтан кооперативте алдымен шикiзат пен шығарылатын өнiмнiң сапасына қатаң бақылау жасалған. Бұл мiндеттi зертхана меңгерушiсi С.Нәжметдинова ойдағыдай жүзеге асырып отыр.

Қатысты Мақалалар