Мақтааралда 128700 тонна қауын-қарбыз өндірілген

/uploads/thumbnail/20170709055442726_small.jpg

Мырзашөлге ат басын тiреген облыстың БАҚ өкiлдерi егiстiк алқаптарды аралап, диқандардың биылғы жыл барысындағы жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды Qamshy.kz.    

Журналистер қауымы алдымен Жолдасбай Ералиев атындағы ауыл округiне келдi. Аталмыш округ әкiмi Қ.Ақышев бүгiнде ауданда өндiрiлген 128700 тонна қауын-қарбыздың 57300 тоннасы осы округ диқандарының үлесiнде екенiн мақтанышпен әңгiмелеп берді. Журналистердi жаңа инновациялық технологиямен бақ өсiрiп отырған «Ақбота» шаруа қожалығына өзі бастап келдi.

Мұнда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкiмi Жамантай Бейсенбаев бақша өсiрушiлердiң еңбегiн кеңiнен баяндады. Әкімнің айтынша, аудан диөандары биылғы жылы да мол табысқа ие болған. Қожалық агрономы Сұлтан Жолдасбаев бақтың 12 гектарында алманың «Гала», «Голденделишес» сорттары, 8 гектарында жүзiмнiң «Виктория», «Султанина», «Мускат» сорттары өсiрiлiп жатқанын айтты.

Тағы бір айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты мақтарал ауданының шаруаларының еібектері биыл да жемісті болып отыр. Әсіресе, бақша өсірушілер жылдан жылға табысқа кенелуде. Бұл таза еңбектің тәтті жемісі дейді мақтааралдық бақташылар.

Бағбан Сұлтан Жолдасбаевтың айтуынша, «Виктория» сортты жүзiмнiң бiр бұтағы 1,5-4 келi, түбi 15 келiге дейiн өнiм бередi.
Бүгiнде ауданда өндiрiлген 128700 тонна қауын-қарбыздың 57300 тоннасы осы округ диқандарының үлесiнде екен. Ауданның эконоимкасына айтарлықтай үлес қосып отырған диқандар бұл жолы да еңбектерінің еш кетпегеніне дән риза.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар