Соңғы 4-5 жылдан берi Мақтаарал ауданында әртараптандыруды басты негiзге алған диқандар бақша өнiмдерiн өсiруге үлкен құлшыныспен кiрiскен. Ауданда биыл 23646,2 гектарға қауын-қарбыз егiлiп, одан 18 шiлдеге дейiн 54795,0 тонна қауын, 73905,0 тонна қарбыз жиналған.
Бүгiнде оның 60-70 пайызы Ресейдiң Мәскеу, Санкт-Петербург, Солтүстiк, Сiбiр қалаларына, Белоруссия, Германия, Польша, Франция елдерiне экспортталды. Сонымен қатар, Астана, Алматы және елiмiздiң өзге де аймақтарына бақша, көкөнiс өнiмдерiн жөнелткен диқандар жылдан-жылға тәжiрибе арттыруда. Қауын-қарбыз, қызанақ, баклажан, болгар бұрышы, т.б. өнiмдердiң бағасы биыл жоғары болып, шаруалардың айы оңынан туып тұр. Мәселен, бастапқыда қауынның келiсi 374 теңгеден бағаланса, бүгiнде 80-100 теңге аралығында саудалануда. Ал, қарбыздың келiсi алғашқыда 120-140 теңгеден, бүгiнде 20-30 теңгеден сатылуда.
Биыл 17225 гектарға егiлген қауынның өзiнен орта есеппен кем дегенде 350 мың тонна өнiм алынады деген болжам бар. Бүгiнге дейiн мақтааралдықтар бақша дақылынан 5 млрд. теңгеден астам табыс түсiрдi.
Пікір қалдыру