Мақтааралда қоза суару науқаны басталды

/uploads/thumbnail/20170709055527945_small.jpg

Мақтаарал ауданында қоза суару науқаны басталды. Шiлде суын қанып iшкен мақта мол өнiм бередi. Одан басқа жүгерi, жоңышқа, көкөнiс өнiмдерiн суару қажет. Бiрақ шаруаны биыл да ағын су тапшылығы қинап тұр. Мәселен, «Достық» каналы арқылы секундына 65 текше метр су келуi тиiс, алайда, қазiр 30-35 текше метрғана берiлуде. Ал, бұл канал арқылы 50 мың гектар алқап суарылуы тиiс.

«Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы» атындағы канал арқылы секундына 48 текше метр су келуде. Себебi, насостар толық қуатында iстеп жатқан жоқ. Мамандардың айтуынша, басты кiнәрат электр қуатының жетiспеушiлiгiнде. Таяуда ағын су мәселесi мемлекетаралық деңгейде шешiледi деген үмiт бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар