«Хает» шаруа қожалығында 10 гектарға қарбыз, 30 гектарға қауын егiп, бүгiнде 500 тонна қарбызды ТМД елдерiне жөнелткен.
Ал, қауын алқабының әр гектарынан орта есеппен 15-20 тоннадан өнiм жиналуда. Мұнда өнiмдi алқаптан жинау, сұрыптау және жүк көлiктерiне тиеу жұмыстарымен 30-ға тарта жұмысшы айналысуда.
Олар қауынды Мәскеуге өздерi апарып саудалайды екен. Дәмi тiл үйiрген Мырзашөл қауындарына сұраныс жоғары. Бiз диқанның еңбегi ақталғанға қуандық.
Пікір қалдыру