ОҚО-да жер құнарын арттыру қажет

/uploads/thumbnail/20170709055547461_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында жердің құнарлығы жылдан-жылға жоғалып барады.

Топырақтың құрамындағы бонитет баллы суармалы жерде 45-ке жетуі қажет болса, бүгінде ол 30-ға дейін түскен. Оған шаруалардың ауыспалы егін түрі мен минералды тыңайтқыштарды қолданбауы себеп. «Ол тиісінше өнімділікке де әсер етеді», - дейді мамандар. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Облыстық жер қатынастары басқармасы жерге түгендеу жүргізген. Белгілі болғаны, өңірде 414 мың гектар жайылымдық жер жалға беріліп кеткен. «Оны қайтарып алу үшін қазынадан 2 млрд 300 млн-дан астам қаржы керек», - дейді мамандар. Одан бөлек республикалық комиссияға топырақ құрамын қадағалап отыратын зертханаларды қайта қалпына келтіру жөнінде ұсыныс жасалған.

Созақбай Әбдіқұлов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Тек қана жердің пайдаланылып жатқаны емес, оның топырағын, суармалы жерге арналардың қажеттілігін. Жайылымдағы құдықтар, барлығын анықтап, жер кадастры картасына енгізеді. Сол картада ол көрініп тұрады. Қай жер қандай жағдайда. Топырақ құнарлығы қандай. Осы жұмысты республикалық дәрежеде ұйымдастыруды ұсынып отырмыз.

Саин Бақтыбаев, Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі:

- Біз жер реформасы туралы заңға қатысты нақты ұсыныстарымызды беруіміз қажет. Соған қарап құжатқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Күні бүгінге дейін жерге қатысты көпшілік көптеген ұсыныстарын айтып жатыр. Соның барлығы ескеріледі деген ойдамын. Өйткені жер мәселесі әрбір қазақстандыққа қатысты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар