Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары тәлімдік жерге егілген бидай мен арпадан да рекордтық өнім жинап жатқан көрінеді. Өңірде егін ору науқаны басталғалы бері 416 мың тоннадан астам астық қамбаға түскен. Қырманға тағы 14 мың тонна дән құю жоспарлануда. Бұл былтырғыға қарағанда, 84 мың тоннаға артық. Маусымдық жиын-терімге 39 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген екен. Оның 11 мың 500 тоннасы шаруаларға үлестіріліп берілген. Биыл облыста 195 мың гектардан астам жерге бидай мен арпа егілген. Оның күні бүгінге дейін 97 пайызы жиналып үлгерілді. Шаруалар астық ору науқанын бір аптаның ішінде толық аяқтаймыз деп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының шаруаларының айтуынша, биылғы жылы да бітік шыққан өнім мол табыс әкелген. Айтуларынша, келесі жылы да дәл осылай бидай мен арпадан рекордтық өнім жинауды өз мақсаттарына міндеттуді жоспарлап отырғандарын айтты.
Кеңесбек Алпысбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - Бізде таулы аймақтарда қалып тұрған шамалы егіс алқаптары бар. Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт аудандарын да қалып отыр. Бұл осы шамамен 5-6 күнде толық орылып бітеді деген жоспарымыз бар. Облыс көлемінде Төлеби ауданында гектар түсімі 26 центнерден, Түлкібаста 25,5-тен Қазығұртта 22 центнерден өнім алынуда. Биыл астықтан шаруалар мол өнім алып жатыр екен.
Пікір қалдыру