ОҚО-да шағын мал бордақылау алаңдары көбейді

/uploads/thumbnail/20170709055544289_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін «Береке» бағдарламасы бойынша мыңға жуық отбасылық шағын мал бордақылау алаңы ашылмақ.

Сол үшін «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» аясында 7 млрд 200 млн теңге бөлінген. «Бұл былтырға қарағанда 4 есе көп», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» өкілдері. Жыл басынан бері облыс бойынша 2,5 млрд теңгедей қаржыға 913 жоба қаржыландырылған. Бағдарлама аясында берілген шағын несиенің 70%-ы мал шаруашылығын дамытуға жұмсалып отыр. Биыл 8 мыңға жуық ірі қара сатып алынбақ. Негізінен үйіргелік шаруашылықтарға 3 млн теңгеге дейін төмен пайызбен несие беріледі.

Отбасылық бизнес өкілдері өндірген өнімдерін әрі қарай нарыққа шығаруға ықпал ететін кооператив құру мәселесі де шешіліп қойған. Оларға 50 млн теңгеге дейін қолдау көрсетіледі. 

Әбдісамат Ибрагимов, фермер:

- 2020 бағдарламасы бойынша жеңілдетілген 6%-дық несие алып отырмын. Қазір ол ақшаға 18 бас ірі қара мал алдым. Құдай қаласа, оны 5-6 айда баптап-күтіп, сою алаңына апарып соямын. Нәсіп етсе, үш жылда осы малдың басын 50-60 басқа жеткізуді жоспарлап отырмын.

Жандар Омаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- ОҚО пилоттық облыстың бірі болып есептеледі. Сондықтан төрт есе ұлғайып, 7,2 млрд теңге болды. Несиенің бәрі кепілдемесіз берілмейді. Кепілдеме негізінде болған соң, қайтарымдылығы 95-96%-ға жетіп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар