Премьер-Министрмен кездесуде аграрлық сектор өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және сақтауға, сондай-ақ көлік тарифтеріне қатысты мәселелерді көтерді.
Бұдан өзге, ауыл шаруашылығын өңдеушілер сапалы шикізат тапшылығы жайлы айтты, соның кесірінен аймақтағы көптеген кәсіпорындар толық қуаттылықта жұмыс істей алмай отыр.
Атап айтқанда, облыстағы сүт зауыттарының жүктемесі 81% (қуаттылығы 10,7 мың тонна 17 кәсіпорын), ет комбинаттарының – 73% (қуаттылығы 10,7 мың тонна 16 кәсіпорын). Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өзекті мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Қ. Айтуғанов, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б. Нұрымбетов сөз сөйледі.
Аймақта туындаған проблемаларды шешуге және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көлік-логистикалық орталықтар ашу көмектесетіні атап өтілді.
Пікір қалдыру