Түркия мен Австрия арасында дипломатиялық жанжал туды

/uploads/thumbnail/20170709055540977_small.jpg

Түркия СІМ Австриядағы елшісін Венадағы "Күрдстан жұмысшылар партиясын" қолдауға арналған митингтің өтуіне байланысты қайтарып алды. Сондай-ақ "Австрияның Түркиядағы елшісі шақырылды" деп хабарлайды "CNN Turk". Бұл туралы Түркияның Сыртқы Істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеген.

Министрдің сөзіне сенсек, елші Венамен арадағы қарым-қатынасты қайта қарау және кеңесу үшін шақырылған. Чавушоглу Түркиялық азаматтардың Австрияда бейбіт митингтер ұйымдастыруына  тиым салынғанын айтты. 

Естеріңізге салайық, Түркиядағы адам құқықтарының бұзылуына қарсы митинг  Вена қаласында 20 тамызда өткен. Бұған дейін дипмиссияларда қызмет істейтін Түркияның 300-ге жуық СІМ өкілдері елге қайтқан.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар