Венгрия атына сайланған Еуропарламент депутаты Дьердь Шопфлин босқындардан біржолата құтылу үшін оларды шошқаның басымен қорқыту керек деген ұсыныс айтты. "Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазған" деп хабарлайды "The Independent".
Бұған дейін Венгрия билігі босқындардан қорғану үшін шекарасына қоршаулар орнатқаны үшін сыналған болатын. Оған қоса елдегі әскерилер босқындарды ел аумағына кіргізбес үшін қолдан қарақшылар жасаған. Шопфлин қарақшылардың орнына шекараға шошқалардың басын ілу керек дейді. "Human Rights Watch" өкілі Эндрю Строляйн Еуропарламент депутатынан бұндай пікір күтпегендігін жазған.
Ал венргиялық депутат өз ұсынысы үшін кешірім сұраудан бас тартыпты.
Пікір қалдыру