Оңтүстік Қазақстан, Арыс аумақтарына және Қаратау мемлекеттік қорығы аймақтарына 703 бас жек дуадақ жіберілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Құстарды жіберу Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ҚР БҒМ ҒК «Зоология Институты» РМК, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның қатысуымен, Араб өкілдерінің тарапынан жүзеге асырылған екен. Ал құстарды жіберу Ынтымақтастық туралы келісімшартты орындау шеңберінде жүзеге асырылды.
Оңтүстік қазақстан облысына қарасты Қаратау мемлекеттік қорығы аймағында қызмет етцушілер дуадақ санын арттыру мен оны күтіп-баптаудың жаңа жолдарына бар күш-жігерлерін салатындарын айтты. Бұл жолда қызметкерлер үнемі ізденісте болып, табысты, нәтижелі еңбек ете беруді мақсат еткен көрінеді.
Сонымен қатар Жек дуадақтарды қорғау халықаралық қоры (Абу-Даби, БАӘ) 2016 жылы 16 шілдеде ОҚО Шымкент қаласына 544 дарақ жек дуадақты одан кейін табиғи ортаға жіберу үшін жеткізген болатын. Бастапқыда 637 жек дуадақтарды әкелуге өтініш жасалып, құстарды әкелу СИТЕС әкімшілік және ғылыми органының рұқсаты мен келісімі бойынша жүзеге асырылды. Барлығы табиғи ортаға 703 дарақ жек дуадақ шығарылды, оның ішінде 544 құс БАӘ әкелінген және 159 құс Жек дуадақты табиғи ортаға шығару және өсімін молайту орталығынан жіберілді.
Енді кезекте мамандар дуадақтарды күтіп баптаумен қатар, оларды көьейту мен қоршаған ортаға бейімдеумен айналыспақ ниетте. Қазіргі таңда сирек кездесе бастаған аталмыш құс Қазақстанның оңтүстік өңірінле осылайша қолдан көбейтілуде.
Пікір қалдыру