ОҚО су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді

/uploads/thumbnail/20170709055555383_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Баба Ата ауылындағы су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді,-деп хабарлайды Qamshy.kz

Бұл «Облыста 2015-2016 жылы балық шаруашылығын дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жасалды. «Бұл идеяны кәсіпорнымыз сонау 2014 жылы жүзеге асыра бастады. Онда біз әкімдікпен келісім орнатып, Тараздағы тәлім бақтармен байланыс орнаттық. Әрбір шабақ үшін 50 теңге төлеп, барлығы 100 мың тұқыны жібердік. Бүгінде шабақтың тағы 50 мыңын суға жіберіп отырмыз», - деп баяндады «Kaz.Cold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Дінмұхаммет Қазақбаев.

Дінмұхаммед Қазақбаевтың айтуынша, жобаның бастамашылары алғашқы асырандылар күзде тұқым беретініне үміттеніп отыр. Болашақта кәсіпорында балық өнімдерін қайта өңдеу және консервілер шығару цехын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл тағы қосымша 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал шығарылып отырған өнім жергілікті нарықта ғана емес, экспортқа да жібермек. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, балық шаруашылығын дамытуға аймақтық бюджеттен жалпы алғанда 400 млн. теңге бөлінген.

Облыста 2015-2016 жылы балық шаруашылығын дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жасалған бұл жұмыс «Kaz.Cold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сеніммен тапсырылған.

Бір айта кетерлігі соңғы кездері облыста балық шаруашылығына аса қатты мән берілуде. Бұл үшін ұйымдастырылған арнайы шаралар да жүзеге асырылу жағы қамтамасыз етілген.

Бұл үшін барлық қажетті техника күші жұмылдырылған деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар