Суармалы жер шаруаның ырысын арттырады

/uploads/thumbnail/20170709055602305_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстанда жылдар бойы игерусіз жатқан 670 гектар жерді шаруалар қайтадан игілігіне жарата бастады,-деп хабарлайды Qamshy.kz

Былтырдан бері өңірдегі жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын 43 каналға жөндеу жасалып, табаны тазартылды. Оған облыс қазынасынан 3 миллиард 518 миллион теңге жұмсалды. Нәтижесінде тағы 16,6 мың гектар жерді  ағын сумен қамтамасыз ету ісі жақсарды.  

Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеуге байланысты құрылған жұмыс тобы облыста 334 мың гектар жердің игерусіз жатқанын анықтаған болатын. Оның үштен бірі - суармалы. Өзгесі жайылым жерлер. Осындай аумақтағы жерді тиімті пайдалану, шаруашылық мақсатта қолданысын тиімді ету кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Бұл аумақтар арнайы жер қорына қайтарылған соң, жерге мұқтаж шаруашылықтарға қайта бөлініп, берілетін болады. Шаруашылықтар жалпы көлемі 334 мың гектар болатын жаңа жерлерге ие болып жатса, өнім көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға да жаңа мүмкіндіктер туары анық екенін айтады.

Бір айта кетердігі, Оңтүстік Қазақстан облысында, игерусіз жатқан 335 мың гектар жерлерден басқасы жайылым жер болғанымен, облыста егін шарушалығы да, мал шарушашылығы да қалыпты жүруде.

Шарулардың айтуынша, ауылшаруашылығы дамыса, жаңа жұмыс орындары ашылса, ауыл ғана емес, тұтастай экономикамыздың әлеуеті артатынын айтып жату артық болар.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар