Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси диалогты және мәдени алмасуды нығайту, көлік, туризм және инфрақұрылым құрылысы саласындағы байланыстарды дамытуды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Вучич Қазақстан мен Сербияның өзара іс-қимылын одан әрі нығайту және кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Пікір қалдыру