Қытайдың Мұхаммед есімді Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының тұрғыны қажылық сапарға велосипедпен 4 айда жетті. Ол осы уақытта 8 000-нан астам шақырымды жүріп өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz egemen.kz – ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Сенад Хаджич есімді Босния және Герцоговинаның азаматы қажылық сапарға жаяу барған болатын. Ол арқасына 20 килограмм рюкзакті асынып, Сербия, Болгария, Түркия, Иордания арқылы Сауд Арабиясына жеткен.