Шығыс Қазақстандағы алтын кен орындарын Түркия геологтары зерттеп жатыр

/uploads/thumbnail/20170709055825604_small.jpeg

Қазақстан мен Түркиялық геологтары ШҚО Майлышат өңіріне геологиялық сапар жасады. Қазақстан аумағындағы қатты пайдалы қазбаларды барлау мен бағалау мақсатында келген YILDIRIM HOLDING A.Ş. компаниясы өңірдегі алтын рудаларына зерттеу жасады, – деп хабарлайды Qamshy.kz BAQ.kz – ке сілтеме жасап.

Майлышаттағы алтын рудасын игеру 2017 жылдың бірінші тоқсанында қолға алына бастауы мүмкін. Кен рудалары бар орындарды зерттеп, талдау жасаған тараптар осындай болжам жасап отыр. Алтын кені бар деген тау жыныстарынан сынама алған түрік геологтары нысанға оң баға берді.

Сонымен қатар, құрамында «Қазгеология» АҚ бас геологы Б.Хамзин YILDIRIM HOLDING A.Ş. компаниясының бас директоры А.Малазгирт және аталмыш компанияның бас геологы О.Каракаятурецки бар геологиялық топ барлау жұмыстарының бағдарламасы нақтыланатына келісті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар