Ел билігінің мәлімдеуінше, бұл әскери операцияның мақсаты босқындар санын азайту мен халыққа гуманитарлық көмек жеткізу.
«Түрік армиясы «Ислам мемлекеті» басып алған Джераблус қаласын азат етуге қатысты операцияны бастады» деп хабарлайды «Сегодня ua». «Джераблустағы операция түрік шекарасын террорлық топтардан азат ету мен Сирияның аймақтық бүтіндігіне қолдау көрсетуге бағытталған» делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге салайық, Джераблус қаласын террористер 2013 жылы басып алған болатын. Түркия сондай-ақ Сириямен шекаралас өңірдегі халықты эвакуациялауды бастады.
Пікір қалдыру