Терракт жасамақ болған топты ұстаған күштік құрылымдар олар туралы ақпарат жасырып отыр

/uploads/thumbnail/20170709055829995_small.PNG

Алматы облысында бомба жарып,  терракт жасамақ болған топты ұстадық деп жар салған күштік құрылымдар, бірақ қолға түскендердің кім екенін, ұстау операцисы қай жерлерлерде өткенін, радикалды топтардың артында кімдердің тұрғанын, олардың дайындығы мен жоспарларын әлі жасырып айтпай отыр, - депхабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз алдына, заң  қадағалаушы органның өкілдері де бұл  тақырыпқа қатысты  жақ ашқылары келмейді. Кейбір деректерге қарағанда, операция үш бірдей елді-мекенде болған.
 
Республика аумағында  бірнеше лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған радикалдық топ өкілдерінің ұсталғаны туралы ақпарат апта басында шыққан болатын. Сол кезде күдіктілердің тұрған жерінен жарылғыз заттар  діни-экстремистік материалдар табылды делінген-ді. Күштік құрылымдардан бастап, қарапайым азаматтар көп жиналатын жерде жарылыс жасамақ болды деп ұсталғандардың біреуі Қырғызстан азаматы болып шыққан.   Енді ол  азаматты өз еліне жібере ме, әлде  Қазақстанда жазаға тартыла ма? Бұл сұрақты бас прокурордың бірінші орынбасарына қойып көрген едік.
 
ИОГАН МЕРКЕЛЬ,  ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:
- Не знаю, не знаю. Это пока тайна. Разберемся, потом дадим вам все.

Қатысты Мақалалар