Түркия ұлттық мәжілісінің Республикалық Халық партиясынан (РХП) сайланған депутаты Ерен Ердем баспасөз мәслихатында ИШИМ мүшелеріне орындары белгілі бола тұра операция жасалмағанын, Түркияға үрей салған ИШИМ мүшелерінің Түркияда 18 мың долларға емдетілгені туралы құжаттарды көрсетті.
РХП Стамбул депутаты Ерен Ердем өткізген баспасөз мәслихатында ИШИМ террор ұйымы әскерилерінің Түркияның құрылымы туралы 422 беттен тұратын тыңдалған жазбаларын әшкереледі.
Ерен Ердем бөліскен құпия құжаттармен қатар облыс Қауіпсіздік комитетінің Анкара әкімшілігіне білдірілген құжаттарды да ашықтап түсіндірді.
Ерен Ердем жүргізген баспасөз мәслихатында Килис пен Газиантепте ИШИМ әскерилерінің еркін ұйым құрғанын, мыңдаған террористің Түркиядан өтіп бара жатқанда барлық жол жүру кестелерінің анықталғанын, алайда бірде-бір операция жасалмағанын көрсететін құжаттарды әшкерелеп көрсетті. Ерен Ердем айшықтаған құжаттарға қатысты Килисте, Антепте, Түркияның көптеген қаласында үкімет көз жұма қарап отырған жайттар барын, депутат ретінде міндетін орындау үшін осы құжаттарды ашына тілге тиек етті.
«АКП (ӘДІЛЕТ ЖӘНЕ ДАМУ ПАРТИЯСЫ) ҮКІМЕТІНІҢ ҚОЛЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЛАС ЕКЕНІН КӨРСЕТЕТІН ҚҰЖАТТАР»
Ерен Ердем «Сізге көрсететін бұл құжаттарым Түркия Республикасының қалай нашарлап бара жатқанын әрі АКП үкіметінің қолы қаншалықты лас екенін көрсететін құжаттар…»– деді. Айшықталған құжаттарда Ердем «Әбу Бәкір» деген кодпен Қауіпсіздік комитетііздеу салған Илхами Балы атты әлдекімнің Түркия ИШИМ террор ұйымы шабуылдарын жоспарлағанын айтты әрі сол кісіге қатысты телефондағы әңгімелерді бөлісті.
«Телефондағы бұл әңгімелерінде террористердің қай қонақүйге түскені, қай жерде көлік күткені, көліктеріне қай жерден бензин құйғаны, қайда тоқтап, Килисте қай мешітте жиналатыны, қанша кісінің қай жерге барып-келетініне дейін барлығы жазылған. Осылардың барлығын біле тұра қарсы ешқандай операция жасалмаған. Қарапайым жай ғана бір сұрақ сұрайын: «Бұл террористерді неге тұтқындамадыңдар?» деп ИШИМ террористерін еркінсітіп қоюға өзінің қарсылығын білдірді.
Телефондағы әңгімелерді бөліскен Е.Ердем: «Міне, олардың телефондағы әңгімелері сұмдық. Құқық қорғау органдары бұларды тыңдап, жазып алған. Қараңдар, Илхами Балы деген террор былай деп сұрапты: «..., сенен қанша кісі шықты?» Шекарадан қанша кісінің өткенін сұрап тұр. Оған «175 адам шықты» деп жауап берген. Ол қайтадан «Жоқ, мен кірген адамдарды сұрап жатырмын» дегенде, «1128 адам» деп жауап берген. Сандарды көріп тұрсыздар ма? Тура 1128 кісіні бір партияда орны белгілі бір мекенжайдан барып алып кеткен. Бірақ ешкім қарсы операция ұйымдастырмаған. Бұдан да сұмдығы, әңгіме кезінде ол телефоннан стробоскопқа тапсырыс берген. Тура бір супермаркетте сауда жасап тұрғандай, тек полиция мен жоғарғы деңгейдегі қызметкерлер қолдана алатын стробоскопқа тапсырыс беруде. Бақылау жағы нөл. Өте бір трагикомедия әңгімелер жүрген. Террористің бірі қалай шығатынын сұрағанда, оған да егжей-тегжейлі мәлімет берілген, ал құқық қорғау органдары болса, бәріне көз жұма қараған. Айтқан жеріңе келдім, мұнайдың алдында тұрмын. Сирияға кеткендер шекарадан оп-оңай өтуде. Олар Раккада қару мен әскери жаттығудан өтеді, содан кейін келіп Түркияда қырғын жасайды», – деді.
«ҚҰЖАТТАРДА АНКАРА МЕН СУРУЖДАҒЫ ҚЫРҒЫНДЫ ИЛХАМИ БАЛЫНЫҢ ЖОСПАРЛАҒАНЫ ЖАЗЫЛҒАН»
ИШИМ әскерлеріне қатысты ондаған ескертулер мен кінә тағатын акт дайындалғанын айтқан Ердем құқық қорғау органдарының бұл кісілерге бағытталған бірде бір операция жасамағанын әрі бұл кісілердің емін-еркін жүргенін айтты. Анкара әкімшілігінің облыстық қауіпсіздік басқармасына хабар берілген құжаттарды көрсеткен Ердем «Илхами Балының Анкара мен Суруж қырғынын жоспарлағаны және қару-жарақ жинағаны құжаттарда жазылған. Қауіпсіздік комитеті оларды Тәкпірші Саманпазары тобы ретінде жүйелеген. Бұл құжаттарда Килистен топ-топ адамдардың қалай шекарадан өткені жазылған. Килисте мешіттердің алды İETT автобус (Стамбул электрикті трамвай мен туннель автобустары) аялдамалары секілді жұмыс істеуде. Бұлардың барлығын да Үкімет біліп отыр. Әлгі әңгімеде «Түрік мұнайлары мен екінші поштаны өткіздік» деген сөз өтеді. Яғни барлық орындары мен координаттарды біліп алған. GSM телефондары тіркелген. Осыншалықты селт етпеушілікке айтар сөзім жоқ. Телефонда өткізу жұмыстары деген атпен мемлекеттік қызметкер секілді жұмыс істеп жатқан ұйым бары байқалады. Бір кісі террористердің біріне «Антептің орталығындамын. Белкис қонақүйіндемін» деуде. Әй, қауіпсіздік комитеті, сен қайда қарап отырсың?! Әй, Әділет министрі, сен қайда қарап отырсың?! Әй, АКП үкіметі, сен қайда қарап отырсың?! Бұлар дәл қазір Раккада қарумен жаттығу өткізуде. Бұл құжаттарда жүздеген адрес, телефон жазбалары және мәліметтер бар», – деді.
ИШИМ ТЕРРОРИСТЕРІ ВИДЕО ТҮСІРІП ТҮРКИЯҒА СЕС КӨРСЕТКЕННЕН КЕЙІН ТҮРКИЯҒА КЕЛІП ЕМДЕЛГЕН
Әбу Ханзаланың бостандыққа шыққанын еске салған Эрдем: «Телефон арқылы бір террорист «Таквахабер» туралы сөз етуде. Ол өзінің сайт редакторы екенін айтуда. Бұл ақпараттық сайт Әбу Ханзаланікі, әлгі өткенде бостандыққа шыққан сөз жүзінде ИШИМ-нің басшысы. «Таквахабер»-де Шанлыурфадан Сирияға террорист жібергеніне қатысты телефоннан тыңдалған ондаған әңгіме бар. Енді Әділет министрінен сұраймын, Әбу Ханзаланы бостандыққа шығарған сотқа тергеу амалы жүргізіле ме? Бұл құжаттарда ИШИМ террористерінің барлығы да Түркияда емделгені жайлы айтылады. Емдеу шығындары қалай өтелгені сөз болуда. 10 мың доллар, 20 мың доллар, осындай көлемдегі қаражатпен террористердің қай емханада, қандай дәрігерлерден ем қабылдағаны көрсетілуде. Мұхаммед Әбу Түрки видеолары арқылы Түркияны қорқыту әрекетін жасаған террористің кейін шекарадан өтіп, ем қабылдағанын, 18 мың доллар жұмсалғанын жазған. Сол емханалар мен дәрігерлерге қатысты бірде-бір тергеу жүргізілген емес. Таксим алаңында мәлімет таратқан адамдарды тұтқындауға санасы жеткендер мыналарды неліктен тұтқындамауда. Бұл байқамай қалушылық емес, қасақана жасалған іс. Барлық мәлімет қолдарыңда, бірақ шара қолданбайсыңдар. Демек, сендер террорлық ұйымдардың арасын бөліп- жарып отырсыңдар» деді.
«БАРЛЫҒЫ ДА ТЫҢДАЛДЫ, БІРАҚ БІРДЕ-БІР ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛМАДЫ»
Ердем құжаттарды көрсетіп: «Бұл 422 беттік құпия құжаттарда көріп отырғандарыңыздай, сұмдық әңгімелер бар. Телефонда ИШИМ-діктер арасында мынадай «Аға, мұнда 10 кісі күтіп тұр, оларды алдыртайық, пәлен емханада жаралы болып жатырмыз, тауық базарында түгенше деген топ күтіп тұр, отшашқыш қарулар мен автоматтарды алдым, шекарадан өтеміз» дегендей әңгімелер бар. Барлығы да тыңдалған, бірақ ешқандай әрекет жасалмаған. Бұл сұмдық нәрсе, ашықтан-ашық ИШИМ-ге көз жұма қарау деген сөз. Мұндай құжаттар әдетте үлкен дау туғызады» деді.
ЕРЕН ЕРДЕМ ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ БЕКИР БОЗДАҒҚА: «МҰРТ ҚОЮ САЯСАТКЕР БОЛУҒА ЖЕТКІЛІКТІ ЕМЕС» ДЕДІ
Бекир Боздағтың террорлық әрекетке біле тұра көз жұма қарағанын айтқан Ердем «Мұрт қоюмен саясаткер болмайсың, әділеттілікті сақтайтын болсаң ғана сол орында отыр-ғын. Мұндай заңсыздықтарды көрмегеніңе қарағанда өз ісіңе олақсың. Орныңды босат. Террористер от қарумен, автоматпен Килис жақтан шекара кесіп өтуде. Үкіметтегілер олардың телефондағы сөздерін тыңдап отыр, бірақ ешқандай шара қолданар емес. Еліміздегі балаларды өлтіріп жатқандарға көз жұма қарауға ұялмайсыңдар ма?» – деді.
ЕРЕН ЕРДЕМ ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРІП ОТЫРҒАНДАР БАРЫН АЙТТЫ
Бір сұрақ арқылы ылғи өлтіреміз деген қауіп төндіріп отырғандар барын айтқан Ердем депутат ретінде өзінің міндетіне адал екенін әрі шындықты айтудан қорықпайтынын білдірді.
Депутат бұған дейін де парламент төрінде ел билігін Сириядағы содырларға немқұрайлы қарады деп айыптаған болатын.
http://www.sosyalmanset.com/eren-erdemden-belgeli-kayitli-isid-bombasi-1502h.htm