«Қазкоммерцбанк» АҚ-ға қарызданған танымал қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділованың мүлкі сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бірыңғай электронды сауда алаңы сайтында Алматыдағы «Дубок» шағынауданында орналасқан 0,1366 га жер телімі бар жалпы көлемі 283,8 шаршы метр үйдің сатуға шығарылғаны хабарланды. Жылжымайтын мүлік шамамен 109 миллион теңгеге бағаланған.
Естеріңізге сала кетейік, Құралай Заманбекқызының сөзінше, банк 2006 жылы алған несиесінің үстіне қосымша 44 мың доллар қосып қойған. Бұл іс жақында Жоғарғы сотқа да жетті. Нұрқаділова мен банк арасындағы ақша дауы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт бойы банк Нұрқаділова келісімді сақтамады деп 2006 жылы 20 жылға берілген 641 900 АҚШ долларының несие шартын мерзімінен бұрын сот арқылы бұзуға тырысып баққан еді.
Айта кетейік, Нұрқаділованың жылжымайтын мүлкі бойынша саудаласу 2016 жылдың 7 қыркүйегінде басталадыү