ҚР БҒМ: Біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз

/uploads/thumbnail/20170709055836057_small.jpg

Біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мектепте смартфонға тыйым салу мәселесін ата-аналармен бірге талқылау керектігін айтты.

"Әр мектеп смартфондарды қолдануға тыйым сала ма, жоқ па өздері шешеді. Нақты шешімге келу үшін ата-аналармен сөйлесу керек. Шынында да көп ата-ана балаларының мектепте смартфон қолдануына қарсы емес, себебі олар телефон арқылы балаларының қай уақытта мектепке жеткенін және үйге қайтатын уақытын бақылап отыра алады. Қазіргі уақытта көп мектептер сандық технологиямен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, мектептерде смартфондарға тыйым салу мәселесін  өңірлердегі бірнеше прокурорлар, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі көтерген болатын.

 

 

 

Қатысты Мақалалар