Сейтқазы Матаев жақын күндері өзін аяқтан шалғандардың атын атамақшы. Журналист өзінің сотталғаны кімге, не үшін керек екенін жақсы біледі екен. Бұл туралы Журналистер одағы төрағасының қызметін атқарып жүрген Тамара Қалеева айтты,-деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Адвокаттармен бірге брифинг өткізген Қалеева кешегі Сейтқазы Матаевтың денсаулығының күрт нашарлап, қан қысымының көтеріліп кеткенін судьядан көріп отыр. Себебі сот 62 жастағы Матаевтың ауруханаға барып, емделіп тұруына рұқсат бермей қойған. Ал Матаевтың ұлы кеше тіпті жазым болып кете жаздапты. Себебі жуынатын бөлмедегі кафель кенеттен құлап кеткен. Сондай-ақ қорғаушылармен жеке кездесуге жағдай жоқ, пәтерде тыңдайтын құрылғылар қойылып, терезе тормен бекітіліп тастаған деген адвокаттар әділдік орнамаса Біріккен Ұлттар Ұйымына жазамыз деп отыр.
ТАМАРА ҚАЛЕЕВА, Журналистер одағы төрағасының қызметін атқарушы:
- Эти предположения я сейчас оглашать не буду. Потому что это реальные люди, с реальными полномочиями. Это не вопрос страха, это вопрос отсутствия доказательств.