Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы уақытша жабылды

/uploads/thumbnail/20170709055925714_small.jpg

23 маусымда Өзбекстан Республикасы Зангиота бағытындағы шекаралық өкілдігінен  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінің азаматтарды өткізуге уақытша шектеу енгізілетіні жөнінде хат келіп түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Тараптардың Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінен  азаматтарды өткізу мәселелері бойынша өзара әрекеттестік аясында, 2016 жылдың 22 тамызынан 2016 жылдың 4 қыркүйегіне дейінгі аралықта өзбек-қазақ шекарасының автожолындағы өткізу бекетінен тұлғаларды өткізуге уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаймыз», - делінген құжатта.

Дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне; ресми делегация құрамында жүрген тарап азаматтарына; отанына қайтып келе жатқан тарап азаматтарына; жеделхаттар мен шақыртулары (туыстарының ауыруына байланысты, өлім-жітім шараларына қатысуға) және екінші тараптың әуежайынан ұшу үшін авиабилеттері бар азаматтарға; бір мемлекеттің аумағында орналасқан екінші мемлекеттің объектілерінде қызмет істейтін азаматтарға; халықаралық автокөліктік жүк тасымалын жүзеге асыратын тарап азаматтарының жүргізушілеріне шектеу болмайтынын хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Қатысты Мақалалар