Жаңа оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Тамыз айының жиырмасынна кейін Алматыдай үлкен қалаға ауыл-аймақтан студенттер ағыла бастайды. Курстан курсқа өткен білім алушылардан бөлек, мектеппен жаңа қоштасқан түлектер де келеді. Яғни жыл сайын қанша студент оқумен қоштасса, сонша тағы түсіп отырады. Осылайша Алматы студенттерден босаған емес.
Сырттан келетін барлық студенттің ортақ бір мәселесі – жатақхана.
Жатақхана алу үшін ауыл-аймақтан келген студенттер біраз құжат жинап әуре болатыны тағы бар. Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасы, психикалық ауруы жоқ, сотталмаған, денсаулығы кінәратасыз (медиуиналы анықтама форма №86 немесе №63) деген анықтама деген сияқты құжаттарды жүгіріп, әрөайсын әр жерден жинағанымен қоймай, ректордың, деканның, жатақхана меңгерушісінің атына өтініш деген сияқтылары тағы бар. Оған республиканың бұрыш-бұрышынан келген студенттердің ұзын-сонар кезегін қосыңыз.
Бұл құжаттарды жинауын жинайды-ау, алайда бөлме жатақхананың бір бөлмесінің бір бұрышына орналасқан бір жатын орынды ала алмай қалуы да бек мүмкін екен.
Жиырмасыншы тамыздан бастап Алматыға ағылған студенттер жатақхана кезегіне тұрып, бір бөлменің бір төсегіне қол жеткізу үшін жоғарыда аталған құжаттармен әуре-сарсаңға түсіп жүр.
-Жынды емес деген қағазды алу үшін жынданып кете жаздайсың. Ал сотталмаған деген қағазды алу үшін сол мекемедегілерді атып-ұрып, сотталып кеткің келеді. Әлем қиындықпен алғанда, жатақхана ала алмай екі жыл сандалғанмын. Биыл тағы тоғыз ай пәтерден пәтерге көшіп, киналғым келмейді. Жатақханада орын жетпейді деп айта береді, толып тұр, - дейді Айнұр есімді студент.
Айнұр биыл үшінші курсқа көшкен. Биыл да жатақнаға ала алмай қалу үшін ертерек келіп қамданып жатыр екен. Оның айтуынша, жатақхана алу да бір бизнеске айналуы мүмкін.
Айнұрдың сөзін мемлекеттік университеттердің бірінде оқитын Қайрат есімді студент те растады. Қайраттың айтуынша жатақхана меңгерушілері студенттерге орын жоқ дегенімен, белгілі бір адамдардың араласуымен, ол орындарда отбасылы адамдар ақша төлеп тұратын жағдайлар да кездеседі екен.
-Біз жылда жатақхана алу үшін сандаламыз. Онымен қоймай, біраз студент ала да алмай қалады. Өзім жатақханада тұрып жатқандықтан білемін, отбасылы адамдар бір бөлмені жалға алып алады. Көріп жүрміз. Ал орын жетпей, пәтер жалдап жүрген студенттер қаншама, - дейді Қайрат.
Бір айта кетерлігі, жоғарыда аталған құжаттарды оқуға жаңа түсіп, жатақхананы жаңа алғанда ғана жинайды.
«Сосын меңгерушімен, жатақхана ұжымымен жақсы болсаң, жылда жатақхана алу құқығына ие боласың» деген студенттер тамыз айының соңы мен қыркүйекте бірінші курстарды қабылдауда үлкен кезектер мен айқай-шулар болып жататын жасырмайды. «Танысың болса, проблемасыз-ақ алуға болады» дейді студенттер.
Ал алтын белгісін ақтап, Алматыға оқуға түскен Қарқара жатақхана жағын жайғап қойыпты. Алайда, кей студенттер айтқан проблемалар бола қомайды дейді.
-Ауылдан келген соң, керекті құжаттарды жинадық жатақханаға. Тұратын жеріміздің жоқтығы анық. Анау айтқандай проблема туындамады. Жатақхана алдым. Тек қыркүйек айында көшіп барсам болды, - дейді ол.
Қарқараның айтуынша, құжат жинау үшін ұзын-сонар кезек пен жүйкесі шаршаған адамдардың сергелдеңге түсетіні рас.
Сондай-ақ, мемлекеттік оқу орындарының бірінің жастақхана меңгерушісі орын алу үшін бірінші жылы құжат жинау заңды екенін, алайда жылда студенттердің жатақхана ала алмай сандалуын ақылға қонымсыз екенін айтады. Оның айтуынша, жатақхана тұрғыны елесі жылы да бөлме алуға, тіпті жазғы демалысқа кетіп бара жатып, өз орнын сақтап кетуге құқылы екен.
Осылайша Алматыға студенттердің алдыңғы легі келіп жатыр. Енді қаланың халқы тағы біразға артып, қоғамдық көліктердің лық толып жүретін маусымы басталмақ. Дегенмен үлкен қалаға арман арқалап келген жастарды баспана жағымен қинап қоймаса екен дейміз.
Индира Қуат