Алматыда болған жол-көлік апаты салдарынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол апаты Медеу ауданында Халиуллин мен Набережная көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Набережное көшесінде үш ер адам Nissan Terrano маркалы автокөлігінен таңқурай салынған жәшіктерді «ГАЗель» көлігіне артып жатқан. Осы сәтте Халиуллин көшесінен үлкен жылдамдықпен шыға келген жол талғамайтын Range Rover автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, Nissan көлігіне барып соғылады.
Соққы салдарынан Nissan көлігі «ГАЗель» көлігіне, ал «ГАЗель» қасында тұрған Daewoo Matiz жеңілавтокөлігіне барып соғылды.
Апат салдарынан «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам екі аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді.