Нумеролог Клара Кузденбаевамен елең еткізер сұхбат

/uploads/thumbnail/20170709060334093_small.jpg

Белгілі нумеролог Клара Кузденбаева 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасына сұхбат беріп, қазақстандық жұлдыздардың жеке өмірі жөнінде елең еткізер жаңалықтармен бөлісті. Толығырақ 3 қыркүйек күні әйгілі бағдарламаның екінші маусымынан тамашалай аласыздар, - деп хабарлайды Qamshy.kz

Клара Кузденбаевамен бүкіл мәскеулік зиял қауым өкілдері жақсы араласады. Белгілі өнер майталмандары, Ресей эстрадасының жұлдыздары оның көмегіне жүгінген. Мәселен, ол Филипп Киркоровтың баласы өмірге келетінін болжаған, Алла Пугачева мен Макси Галкинге кеңес берген. Андрей Малахов, Надежда Бабкина, Николай Басков, Игорь Николаев, Тамара Гвердцители сынды, тағысын-тағы Ресейдегі өнер жұлдыздары арасында оның табиғи дарынына табынушыларының саны шексіз. Клара – психология ғылымдарының докторы және 15 жылдық тәжірибесі бар сарапшы-нумеролог, Қазақстанда туып-өскен, бірақ Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жатқанына біраз жыл болған. Мюнхеннің парапсихология институтында курстан өтіп, Үндістанда Тибет нумерологиясын және Сэр Джейдің монастырында оқыған.  

«Айта берсін» бағдарламасының екінші маусымының түсірілімі үшін Клара Кузденбаева арнайы Алматыға ұшып келді. Сонымен бірге жүргізуші Анна Данченкоға енді қазақстандық жұлдыздардың өміріне қатысты ғажайып жаңалықтарымен бөлісті. Ол біздің елдегі танымал жұлдыздардың аты-жөнін білмей-ақ, тек туған күнінің датасына қарап, болашақтарына қатысты күтпеген болжам жасады. 

 «Айта берсiн» бағдарламасының жаңа шығарылымында Баян Есентаева мен оның күйеуі Бахытбек Есентаевтың туған күндері қандай мәлімет берді? Баянның тағдыры не болады? Өздеріңіз білетіндей, сот продюсердің күйеуін 10 қыркүйекке дейін қамауда қалдыратын болды. Бахытбек соттала ма? Әйелімен ажыраса ма? Баян тағы да тұрмысқа шыға ма? Продюсерлік қызметін тастай ма, әлде қайтадан жұмысқа орала ма? Осы сұрақтардың бәріне Клара Кузденбаева «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында жауап береді.

Сонымен бірге, ол Айгүл Иманбаева-Алтынай Жорабаева-Сәбит Әбдіхалықов арасындағы отбасылық қарым-қатынастың ары қарай қалай өрбитінін айтып берді. Әйгілі үштікті алда не күтіп тұр?  

Клара Кузденбаева марқұм Батырхан Шукеновтың жақын досы болған, ол оны қарындасым деп атаған. «Айта берсіндегі» сұхбатынан оның Батырдың өлімін алдын-ала көрген-көрмегені туралы біле аласыздар.

Қазақстан жұлдыздарының өмірі жайында таңғаларлық мағлұматтар біздің арнада! Нумеролог Рио Олимпиадасында қанша қазақстандықтың медаль алатынын білді ме? Клара не себепті нумерологқа жүгінуге кеңес береді? «Айта берсін» бағдарламасында ол 31 арнаның көрермендеріне ерекше ақыл-кеңестер береді. 

3 қыркүйектен бастап әр сенбі сайын 21.00-де 31 арнадан тамашалаңыздар! 

Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!». 

Әлеуметтік желілерге жазылып, бізді оқыңыздар:

Фэйсбук: 31 канал

Вконтакте: 31 канал

Инстаграм: 31arna

Твиттер: @31Kanal

Youtube.com: 31Kanal

IOS платформасынан «31 арна» ұялы қосымшасын жүктеңіз!    

Қатысты Мақалалар