Ресеймен алыстан сыйласу керек

/uploads/thumbnail/20170709060338718_small.jpg

Біз қаласақ та, қаламасақ та, Ресейді бақылауымыз міндет қой. Ондағы процестер, өзгерістер бізге жанама болса да лебі жетеді. Думада қабылданған кейбір заңдар 3-4 айдан соң 80-90% сол мәтінде Мәжілісте қабылданатынын ескерсек, Кремльдің Астанаға қаншалықты қысым көрсетіп, дікеңдейтінін болжау қиын емес....

Ресейдегі соңғы ішкі өзгерістер (сыртқысын айтпағанда) алға жылжудан көрі КСРО-ға кері кетудің "сара" жолы секілді. Путин өзінің жеке охранниктерін 3-4 облысқа губернатор сайлады, замминистр қылды (Әйтпесе, 143 млн халықтан Г.Греф секілді озық ойлы менеджерлер табылмап па?).

"Яровая пакеті" деген заң антитеррорлық деп аталғанымен 
- күмәнді деген кісілерді шет елге шығуын шектейді
- халық алаңға шықса, полицияға оқ атуға рұқсат береді
- мобильді операторларға әр абоненттің сөйлескен әңгімесін 3 жылға дейін сақтауды міндеттейді (Тотальный контроль. КСРО-дан не айырмасы қалды???).
Санкциядан көз ашпай, бюджетінің түбі көрініп жатқанда, бұл өз қораңдағы шөпке солярка сепкенмен бірдей. Тек "Вымпелком" 2018ж бастап 100 млн абоненттің 317 млрд минуттық әңгімесін 3 жыл қай хард-дискте сақтаймын деп шашын жұлайын деп отыр. МТС, Мегафон сияқты операторлар заң талабын орындау үшін бірнеше трлн рубль қажет деп дабыл қағуда.

Жақында жаңа білім министрін тағайындады. Сталинді ұлықтап, өз шіркеуін ғұмыр бойы зерттеген әйел екен. Жасы 60-қа жақындаған. Қытайлар суперкомпьютер жасауда алға шығып, Илон Маск Dragon-ынды Марсқа жіберіп, әлемдегі ең үлкен Solar city салайын деп жатқанда мұндай бэкграунды бар жан Ресей ғылымын қалай көтерер екен? Жақында ресейлік ғалымдар Иранның өзі біздің деңгейге жетті, тоқырадық деп налыған еді.

Қысқасы, ауылда ішетін көршісі болса, жұрт алыстан сыйласады. Бізге де осыдан артық жол көріп тұрғаным жоқ. Әйтпесе, үлкен кеме суға батса, ұйытқып маңындағыларын әкететіні бар...

Нұрмұхамед Байғараевтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар