Ділнәз Ахмадиеваның Елбасының қатысуымен өткен Ұлттық олимпиада құрамасын марапаттау рәсімі кезінде киген көйлегі ел аузына ілікті, - деп хабарлайды Qamshy.kz NUR.KZ – ке сілтеме жасап.
Белгілі әнші Әлішер Кәрімов желі парақшасына олимпиада спортшыларын марапаттау рәсімінен кейінгі суретін жүктеген еді. Суретте Әлішер мерекелік концертте елбасы мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының бір топ жеңімпаздары алдында ән салған әншілер Мақпал Исабекова, Ділназ Ахмадиева және Жанар Дұғалованың ортасында тұр.
Бір қарағанда, жай ғана естелік сурет болып көрінетін кадрдан қолданушылар ілік тапты. Желі қолданушылары бұл туралы ойларын ортаға салып, тіпті бір-бірімен дауласып та алды.
«Масқара!», «Ділназ төсқап кимеген бе?», «Ділнәздің көйлегі сондай ма, әлде бұл мен ойлап отырған нәрсе ме?», «Жоқ, бұл сіз ойлағандай емес. Ол көйлектің тігісі ғой, кез-келген денеге жапсарлас көйлекті солай тігеді, жай ғана матасынан қатты білініп тұр», - деп жазды олар.
Еске салсақ, 26 тамыз күні Астанада президенттің қатысуымен өткен Ұлттық олимпиада құрамасын марапаттау рәсімі болып, рәсім соңы мерекелік концертке ұласқан еді. Концертте отандық эстрада жұлдыздары спортшылардың құрметіне ән салып, би билеген-ді.