Бүркітбай Аяған: Бүгінгі тарихтың мақсаты – елдің тарихи санасын жетілдіру

/uploads/thumbnail/20170708152015247_small.jpg

   Қазақ тарихының жазылуы күн тәртібінен түспейтін мәселе.  Себебі,  тарих  мәліметтері үнемі  жаңарып  отыратын, терең зерттеуді қажет ететін дүние. Әсіресе, кеңестің солшыл саясаты тұсында бұрмаланған  қазақ елінің тарихи өзгерісті, ұлттық мүдде тұрғысынан тың көзқараспен бағалауды  қажет етеді. Осы және өзге де мәселелер туралы  ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры,  тарих ғылымдарының докторы,  профессор Бүркітбай Аяғанның пікірін білген едік...

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы 17 қаңтардағы ке­зекті Жолдауында «Мәңгілік Қа­зақстан» жобасының Қазақстан тари­хының жаңа дәуірінің кел­беті ретінде айқындалуына қатысты, тарихи тұжырымдардың да жаңғыру үр­дісін жетілдіру өзектілігі күн тәртібінде тұрғандығы өздеріңізге аян. Жолдауда «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» екендігі жарияланды. Елімізге дамыған 30 мемлекет қатарына қосылу үшін, алғашқы кезекте елдің интеллектуалдық әлеуеттілігін көтеру, оның ішінде ел тарихын зерделеуде нақты тұжырымдар қажеттілігі мәлім. Ел дамуының қазақстандық үлгісіне гуманитарлық ғылым ғалымдары зор үлестерін қосқандығы сөзсіз. Эко­номикалық дағдарыс жылдарының өзінде отандық ғылымға мүмкіндігінше мемлекеттік қолдау жасалынды, ғылыми-зерттеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Бүгінгі күні ғылыми ізденістердің бастамашысы – Елбасы Н.Ә. Назарбаев тарих саласына аса зор назар аударып отыр. Мемлекет басшысының нақты ұсынысымен жасалынған «Халық тарих толқынында» бағдарламасы жұмы­сын бастап кетті. Қазақстан ғылымын қаржыландыру мәселесі – басты мемлекеттік басым­дылықтардың бірі.

«Аймақтық және халықаралық ғылыми-методикалық семинарларды өткізу мақсаты қандай болды?» де­ген сұраққа келетін болсақ, семинар жұмы­сында ең өзекті: «Қазақстан тарихын дамыту тұжырымдамасы туралы» және«Қазақстан тарихын дәуірлеу» мәселелері қарастырылған еді. Басты мақсат – ұлттық тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделеу және жаңа ғылыми тұжырымдарды көпшілікке жет­кізу арқылы елдің тарихи санасын жетілдіру. Әлемдік және ұлттық тарихты зерттеу жұмыстарындағы жаңғырту үрдістерін, методологиялық жағынан жаңаша көзқарастарды қалып­тастыру мен қазіргі тарихи үрдістер ерекшеліктеріне, ұлттық құндылықтар мен ғылымдағы бәсекелестікті қалып­тастыруға, Қазақстан тарих ғылымының халықаралық тарихи қауымдастыққа кірігуіне байланысты өзекті мәселелерге тоқталу, оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Әрине, сыни көз­қарастар болғаны дұрыс. Тәуелсіздіктің ал­ғашқы онжылдығында зерттеу процес­теріне байланысты көптеген мәселелер қарастырылды. Ал, «предмет исследование» ұғымы «зерттеу нысаны» ретінде алынып жүр. Сонымен қатар, профессор Қамбар Атабаевтың «бүгінгі мәселе — ғылымдағы термин және методология. Терминдер бір жүйеге түскен жоқ» деген пікірін естеріңізге салғым келіп отыр. Шындығында, халықаралық терминдерді де келісіп бекітетін мерзім жетті. Қазақ­стандық тарих ғы­лымы алдында тұр­ған стратегиялық міндеттер нәти­желі­лігі үшін қандай қа­рекет керек? Бұл сұ­раққа Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан жауап табуға болады, яғни, міндеттерді шешу үшін елдігіміз бен еңбегіміз сыналатын сынақтан өту парыз. Биылғы Жолдауды республикадағы әрбір азаматтың қолындағы күнделікті анықтамалық кітапшасына айналуына лайықты құжат есебінде қабылдадық. Ғылыми ортада Қазақ мемлекеттігі сияқты тақырыптар бойынша ортақ тұжырымдар әлі де қалыптаса қойған жоқ. Мемлекеттілік тарихы, оның дәуірленуіне байланысты да түрлі көзқарасты тұжырымдар бар. Мемлекеттіліктің бастау көздерін біріміз сақ-ғұн дәуірінен, екіншіміз Түркі қағанатынан, үшіншіміз Ақ Ордадан, төртіншіміз Алашордадан іздейміз. Бұдан да басқа тарихи оқиғаларға қатысты мәселелердің шешу жолын да биылғы Жолдау айқындап берді, ол – нақты істер бағдарламасы. Оны іске асыру бағыты талмай еңбектену мен ғылыми ортаның ынтымағына тікелей байланысты.

Қатысты Мақалалар